Нәфсіммен жүрмін күресіп...
Нәфсіммен жүрмін күресіп...

Нәпсіммен жүрмін, күресіп
Ібіліспенен тіресіп
Біліп алып әлсіз тұсымды
Отырып алды-ау сіресіп.

Сезімді шәрбат бал етіп,
Жүректі сыңғырлы шыны етіп,
Толтырып шәрбат шарапқа
Құмарлық қосты у етіп.
Шәрбат шарап мас етіп
Нәфсіге құмар у жетіп
Иманнан үстем боп кетті-ау
Ібілі, нәфсі кеңесіп
Бас қосып бірге күресіп.

Бір күні тәуба қылам деп,
Жүргенімде жеңіліп
Ажалым келсе зыр етіп
Үлгермей мен қалам-ау
Тәубеге келіп, сәжде етіп
солай кетсем өмірден
Шалқайып, шаттанасың-ау
Құдайдың тағы бір құлын
Тозақтық еттім, жеңдім,- деп
Пенде өмірі бір күндік
Бұл саған үлкен мүмкіндік
Берген соң Алла рұқсатты
Азғырдың бар пендені
Толтырам деп тозақты
Жүрсің ғой сен де күресіп
Алладан саған лағынет
Ірің ішіп, заққұм жеп
Қаласың сол тозақта
Шыңғырып мәңгі мекендеп.

Ал, мен келем тәубама,
Мадақтар айтам Аллама
Я, Раббым мені кешір,- деп
Сұраймын, жылап, сәжде етіп
Кешірші, маған мейірім ет,
Жаңылдым, Аллам, кешші,-деп.
Жабылғанша тәуба есік
Тұрады екен ол жерден
Алланың мейірім желі есіп.
Жабылғанша сол есік
Жүрейін енді өзім де,
Аллаға мың тәуба етіп.

Күнадан аулақ үй тігіп
Иманыммен бірігіп
Құран менен сүннетке
Етене жақын, кірігіп
Өмірімнің қалғанын
Өткізейін таза етіп.
Я, Раббым, мені қуатта
Мейіріміңе бөленіп,
Кіруімді нәсіп ет
Мәңгі Жәннат тұраққа!

Ләззат Ғали-Мәнсүрқызы

ЛәззатЛәззат
2 года назад 370
5 комментариев