Нәпсіммен жүрмін, күресіп
Ібіліспенен тіресіп
Біліп алып әлсіз тұсымды
Отырып алды-ау сіресіп.
Сезімді шәрбат бал етіп,
Жүректі сыңғырлы шыны етіп,
Толтырып шәрбат шарапқа
Құмарлық қосты у етіп.
Шәрбат шарап мас етіп
Нәфсіге құмар у жетіп
Иманнан үстем боп кетті-ау
Ібілі, нәфсі кеңесіп
Бас қосып бірге күресіп.
Бір күні тәуба қылам деп,
Жүргенімде жеңіліп
Ажалым келсе зыр етіп
Үлгермей мен қалам-ау
Тәубеге келіп, сәжде етіп
солай кетсем өмірден
Шалқайып, шаттанасың-ау
Құдайдың тағы бір құлын
Тозақтық еттім, жеңдім,- деп
Пенде өмірі бір күндік
Бұл саған үлкен мүмкіндік
Берген соң Алла рұқсатты
Азғырдың бар пендені
Толтырам деп тозақты
Жүрсің ғой сен де күресіп
Алладан саған лағынет
Ірің ішіп, заққұм жеп
Қаласың сол тозақта
Шыңғырып мәңгі мекендеп.
Ал, мен келем тәубама,
Мадақтар айтам Аллама
Я, Раббым мені кешір,- деп
Сұраймын, жылап, сәжде етіп
Кешірші, маған мейірім ет,
Жаңылдым, Аллам, кешші,-деп.
Жабылғанша тәуба есік
Тұрады екен ол жерден
Алланың мейірім желі есіп.
Жабылғанша сол есік
Жүрейін енді өзім де,
Аллаға мың тәуба етіп.
Күнадан аулақ үй тігіп
Иманыммен бірігіп
Құран менен сүннетке
Етене жақын, кірігіп
Өмірімнің қалғанын
Өткізейін таза етіп.
Я, Раббым, мені қуатта
Мейіріміңе бөленіп,
Кіруімді нәсіп ет
Мәңгі Жәннат тұраққа!
Ләззат Ғали-Мәнсүрқызы
Нәфсіммен жүрмін күресіп...
|
5 пікір
-
Қайрат ЖолдыбайұлыAvtorga raxmet. Jaksy jetkizipti.9 жыл бұрын
-
ЛәззатРахмет, Қайрат аға!9 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyӘмин.9 жыл бұрын
-
Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРЖүрегін жарған үнді Алла қабыл еткей! Әмин!9 жыл бұрын
-
ЛәззатӘмиин!9 жыл бұрын
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.