Таңдау
Таңдау

Университеттің үшінші оқу жылы да аяқталуға таяу. Алдағы күтіп тұрған емтихан, сынақтарға құрбысымен бірге дайындалған Жанна, кештің қалай батқанын да байқамапты. Құрбысының үйінен шықанша қараңғылық түсіпте қалыпты. Ай да туып, аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Кешкі самал жел Жаннаның шашын тербеді.
Үйіне беттеген Жаннаның ойын жаулаған, сүйген жігіті Жандос. Ол сондай сымбатты, әдемі, болашағы жарқын жігіт. Өзі еліміздің ең беделді университеттерінің бірінде оқиды. Оң солын танып, бойжеткелі, армандаған қиялындағы сүйікті жігіт осы Жандостай болар деп ойлайды. Қиял жетегінде кетіп бара жатқан қыздың ойын кенеттен шыққан сәбидің құмығып жылаған дауысы бөліп жіберді. дыбыстың қай тұстан шыққанын анықтамақшы болып Жанна, жан-жағына қарап еді, әріректегі талдың түбінде ағараңдап жатқан кішкене жалаңаш сәбиді көзі шалды. етбетімен жатқан сәби тұншығып, қиналып жатқандай.
— бұл не деген сұмдық! Айуандар,- деп айқайлай жүгірген Жанна, сәбидің аяқ жағына келіп отыра кетті. Еппен еңкейіп баланы көтеріп алмақшы болып қолын созғаны сол еді, сәби аударылып түсті де, Жаннаның қолынан бас салып ұстап алды.
Сәби дегені құбыжық болып шықты. Бетін қанды жара жапқан, мұрнының орнындағы екі тесіктен қанды ірің аққан, көздерінің орнында ұйыған қан. Аузын ашқанда айналаға қолқаны қапқан сасық иіс жайылады. Мұндай көріністі күтпеген, зәресі кеткен Жанна үшін уақыт тоқтап қалғандай көрінді. Орнына тез тұрғанымен, сәби-құбыжықтың қарулы қолынан өзінің қолын бостаып ала алмады. Жанына батқан аурумен қатар сытырлаған дыбыстар естілді. Құбыжық оның саусақтарын сындыра бастады. Жан дауысы шығып, айқайласа да естіген ешкім болмады. 
Жанұшырып құбыжықты бар күшімен теуіп, қолын босатып алғанымен, ол оң аяғына жармасып, өзіне тарта берді. Қолының сынған, терісіне ілініп тұрған саусақтарын көріп Жанна есінен айырылғандай еді, бірақ оң аяғының ауырғаны тіпті жанын қоярға жер тапқызбай, сүйектеріне дейін сырқыратып жіберді. Жан дауысы шығып, жылап тротуарға қарай еңбектеп қашқысы келгенімен, өткір саусақтарымен жабысып алған құбыжық жіберер емес. Артқа қарап еді, ол балтырының бір бөлігін жұлып алып, асыға тамсана жеп отыр. Осы сәтті пайдаланып, бар күшін жиып, сәби-құбыжықты теуіп құлатты да, тұра қашқысы келді. Оң аяғы жүргізбеді, енді сәл кешіксе өлетінін сезген Жанна бойын билеген қорқыныш пен ауруға қарамастан тротуарға қарай еңбектей жөнелді. Сәби күлімсіреп, оның ере еңбектеп келеді. Осынша қарулы күшті болғанымен жүре алмайды екен. Бұғанда шүкір, қашып құтылармын деп ойлады. Жанна.
Жанталасып еңбектеп тротуарға да жетті. Тірі пенде жоқ. "Қайда, қайда күнде қолтықтасып ерсілі-қарсылы жүріп жататын жастар. Керек жоқ кезінде сап ете қалатын милиция. Оңбағандар! Ешкім жоқ" Артын қарады. Сәби-құбыжық еңбектеп келеді. күлімсірейді. Аузында Жаннаның аяғының бір бөлігі. Жақындаған сайын сасық иіс қолқаны қабады. Жанна лоқсыды, шыдай алмады. Бірақ уақытты алмай, көпірге қарай бару керек деп ойлады. еңбектегеннен алақаны мен тізесі сырылып, қансырапты. оң аяғының балтыр тұсынан аққан қан тоұтар емес. Барын салып, көпірге келді де, тұрып төменге қарады. Төменде көп адамдар жүр. Бар дауысымен көмекке шақырып еді, естімеді. Сасық иіс айналаны алып кетті. Артына бұрылып қарады, құбыжық жақын келіпті. Бұлай азаптанғанша өлгенім артық деп ойлап ойланбастан көпірден секіріп кетті. Құлады. бос кеңістікке. Аяғынан бір нәрсеге ілініп қалғанын сезді. көзін ашып қарап еді, сәби-құбыжық аяғынан ұстап қалыпты. өзі күлімсірейді, аузы-мұрнынан ірің аралас қан ағып тұр. 
Құбыжық Жаннаның бақайларынан бастап жей бастады. Жан төзгісіз азаптан, шырқырап жылған Жанна қанша айқайласа да, естімейді ешкім. 
Ол енді даусын бәсеңсітіп, басын көтеріп, жалына бастады:
— Жіберші, мені! Өтінемін! Жалынамын! АЯШЫЫЫ Мені!!!
Кенет Сәби де жылап жіберді.
— АЛ, СЕН ше, Сен ше, АНАШЫМ сен мені АЯДЫҢ ба!!!

Жанна оянып кетті. Қара терге түсіпті. Мұндай да сұмдық болады екен. Осынша қорқынышты түстің әсерінен арыла алмай жатыр еді, есік ашылып полиция формасындағы жас жігіт көрінді.
-Руслаан!
— Иә, Анашым. Әлі ұйықтамағансыз ба?
— Жайсыз түс көрдім. Келе ғой балам.
Капитан бөлмеге кіріп Жаннаның жанына отырды. Анасы ұлын құшақтап басынан сүйе берді.
-Балам, сен менен үнемі ол туралы сұрай беруші едің. Оның аты -Жандос. Студент кезімізде-ақ айырылысып кеттік. Саған жүкті болып қалғанымда, ол маған шарт қойды. Мен не сені, не оны таңдауым керек болды. Мен сені таңдадым, жаным, түсік жасатпадым. Білесің бе, Жаным, егер сол жағдай тағы қайталанса мен сені таңдаймын. Миллион рет қайталанса, мен миллион рет сені таңдаймын, балам…

Қуан Өтемісұлы
аударған Ләззат Ғали-Мәнсүрқызы

ЛәззатЛәззат
9 лет назад 3148
1 комментарий
О блоге
0
572 6 9 3 5
Прямой эфир